Моңғолияда президенттік сайлау аяқталды. Алдын ала мәлімет бойынша, Моңғол Халық партиясынан кандидат Ухнаагийн Хурэлсух көп дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы мәіметтерге сүйенсек, У. Хурэлсухқа 67.6 пайыз (815.267), Демократиялық партиядан қатысқан үміткер С. Эрдэнэге – 6 пайыз (72.001), «Дұрыс адам – Электорат» коалициясының үміткері Д. Энхбатаға сайлаушылардың 20.2 пайызы (242.257) дауыс берді.