• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Маусым, 2021

Доллар қайта арзандады

195 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасындағы  таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін доллардың бағамы 10 маусым кешімен салыстырғанда 0,26 теңгеге арзандап, 1 доллар 427, 26 теңге болды.

Ұлттық банктің 11 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427,53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428, 73 теңге, сатып алу – 426, 83 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 427, 36 теңгеден болса, сатып алу құны– 426, 30 теңге.