• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Маусым, 2021

БҰҰ елдері Қазақстан Президентінің адам құқықтары жөніндегі шараларымен танысты

596 рет
көрсетілді

Қазақстанның Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова  БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының жыл сайынғы баяндамасын талқылауға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол Жоғарғы Комиссар Мишель Бачелетке және БҰҰ-ның 165 мүше мемлекеттердің делегацияларына арналған сөз сөйлеуінде 2021 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлық жөнінде хабарлады.

Дипломат Президент Жарлығына сәйкес Үкімет жыл сайын БҰҰ шарттық органдарымен және БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, әйелдерге қатысты кемсітуді жою, пікір білдіру бостандығына құқық, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру сияқты жұмыс бағыттарын көздейтін адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын іске асыру туралы есеп беретіндігін жөнінде мәлімдеді.

Сонымен қатар Ж. Айтжанова Жоғарғы Комиссар М. Бачелеттің баяндамасында көзделген адам құқықтары саласындағы Қазақстанның заңнамасына енгізілген өзгерістерді атап өтіп, кездесуге қатысушыларды COVID-19 пандемиясына байланысты қиындықтарға қарамастан, 2020 жылы Қазақстанда адам құқықтарын көтермелеу және қорғау мақсатында реформалар іске асырылғанын хабардар етті. Бейбіт жиналыстар туралы тұжырымдамалық жаңа заңды қабылдау аталған белгілі қадамдардың бірі болып табылады. Ол хабарлама сипатын, арнайы аймақтарды айқындауды және бейбіт жиналыстарды өткізуді реттеуді оңайлатуды көздейді.

Қазақстанның Тұрақты Өкілі Қазақстан адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын имплементациялауды ұстанатындығын мәлімдеді.