Өскемен қаласында із-түссіз жоғалып кеткен 31 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шаһар тұрғыны өткен жылдың қазан айында жоғалып кеткен. Полицияға хабарласқан ер адам жұбайының із-түзсіз кеткенін жеткізген болатын.
Оның айтуынша, әйелі Жаңа Согра ауданындағы дүкенге қарай бет алып, сол күйі қайтып оралмаған. Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Алайда оны табу мүмкін болмады.
«Арада жарты жылдан астам уақыт өткен соң әйел адамның денесі табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында тиісті сараптамалар тағайындалды», деп хабарлады ведомство өкілдері.