Ақтауда 36 жастағы әйел үшінші қабаттан құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай бүгін, 11 маусымда Ақтау қаласының 5 шағын ауданында орын алған.
– Ақтау полиция басқармасы 102 операторының пультіне үшінші қабаттан адам құлағаны туралы қоңырау түсті. Қазіргі уақытта оқиға орнында Ақтау полиция басқармасының жедел тобы жұмыс істеуде, – деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті.
Куәгерлердің айтуынша, әйел қайғылы оқиға орнында қайтыс болған.