Ұлыбритания 2022 жылы мұқтаж елдерге коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 100 миллион дозасын ұсынбақ. Бұл туралы G7 саммиті қарсаңында Ұлыбритания үкіметінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саммитке қатысушылардың хабарлауынша, «Үлкен жетіліктің» барлық елдері қосылып, коронавирустық инфекцияға қарсы екпенің бір миллиард дозасын гуманитарлық көмек ретінде береді деп күтілуде.