• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Маусым, 2021

Олимпиадаға баратын еркін күрес шеберлері анықталды

595 рет
көрсетілді

Токио Олимпиадасында еркін күрестен өтетін жарыста Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында өнер көрсететін балуандар толықтай белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шілде айында алауы тұтанатын ғаламдық додаға біздің балуандардың бес жолдама жеңіп алғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Десек те кейбір салмақ дәрежелерінде бәсекелестік күшті болғандықтан Жапонияның астанасына кімдерді апарамыз деп бапкерлер біраз бас қатырды. Содан олар өз шәкірттерін Польшада өткен Вацлав Циолковскидің мемориалдына сынап көруге бел буды. Сол сынақтан сүрінбей өткен саңлақтар Олимпиадада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Сонымен, 57 кило салмақта Нұрислам Санаев сайысқа түссе, 65 кило салмақта Дәулет Ниязбеков белдеседі. 74 кило салмақта Данияр Қайсанов күш сынассса, 97 кило салмақта Әлішер Ерғали ел намысын қорғайды. Ал алыптармен Юсуп Батырмұрзаев айқасады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпия ойындарынан Қазақстанның еркін күрес шеберлерінің қоржыны бас қайтқан. Енді Әсет Серікбаев жетекшілік ететін команда осы жолы Токиода талағай табысқа қол жеткізеді деп үміттенеміз.