• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Маусым, 2021

Каратэші Нұрқанат Әжіқанов Токиода өнер көрсетеді

413 рет
көрсетілді

Каратэден Парижде өтіп жатқан лицензиялық турнирде Нұрқанат Әжіқанов бас жүлдені олжалап, Токио Олимпиадасына қатысатындардың тізіміне қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

75 кило салмақта өнер көрсеткен қандасымыз Францияның астанасында керемет өнер көрсетті. Барлық қарсыласын қоғадай жапырған Нұрқанат алтын тұғырға көтеріліп, Олимпия ойындарының жолдамасына иелік етті. Бұл салмақта екінші орынды Германия спортшысы иеленсе, үшінші орынға Мажарстанның өкілі табан тіреді.

Осылайша, каратэшілеріміз үшінші лицензияға қол жеткізді. Бұған дейін Дархан Асаділов пен Мөлдір Жаңбырбай сынды мықтыларымыз Токиоға баратындар тізіміне қосылған еді.