• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Маусым, 2021

Алыптардың айқасы аяқталды

472 рет
көрсетілді

Дзюдодан Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатының жетінші жарыс күні аса ауыр салмақта өнер көрсететін балуандар боз кілемге шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлер арасындағы +100 кило салмақтағы тартыс Жапонияның жұлдызы Кокоро Кагеураның жеңісімен аяқталды. Финалда ол ресейлік Темірлан Башаевтан басым түсті. Украиналық Якуб Хаммо мен грузиялық Гела Заалишвили қола медальдарды иеленді.

Әйелдердің финалдық сайысында Жапонияның қос дзюдошысы белдесті. Олар - Сара Асахина мен Вакаба Томита. Бұл бәсекеде Асахинаның асығы алшысынан түсті. Ал қола медальді Бразилияның қос спортшысы - Мария Сулен Алтхеман мен Беатриз Соуза еншіледі.