• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 14 Маусым, 2021

90 мыңнан астам тұрғын екпе салдырды

187 рет
көрсетілді

Індетке қарсы екпе басталған ақпанның алғашқы күнінен бастап Қызылорда облысында 95 963 тұрғын вакцина алды. Олардың арасында аудандарда тұратындардың үлесі басым болып тұр. Облыста вакциналау бойынша 106 егу пункті, 39 жылжымалы егу бригадасы бар. Осындай бригадалар қосымша облыс орталығындағы «Қорқыт Ата», Aray City MALL және «Жібек жолы» сауда орталықтарында ашылған. Мамандар есебінше, карантин талаптары жеңілдеуі үшін облыстағы 800 мыңнан астам тұрғынның 371 мыңы екпе алуы керек.

Биыл 8 маусымның өзінде облыс аумағында 2 641 адам екпе салдырған. Бұрындары мем­лекеттік қызметкерлер мен бюд­жеттік сала өкілдері көп­теу болса, енді қарапайым тұр­ғын­дар да қауіптің алдын алу­дың қа­мын жасай бастағаны аң­ға­­ры­­лады.

Күні кеше облыс орталы­ғын­дағы «Сенім» ЖШС емхана­сын­а бардық. Емхана есебінде 23 204 қала тұрғыны бар екен. Оның 15 229-ы ересектер болса, диспансерлік есепте тұра­тын­дары – 2 851. 18 жасқа дейінгілер саны 7 759 болып тұр.

Вакциналау басталғалы бері емханаға қарасты халықтың 2 049-ы бірінші компонентін алып­ты. Екінші бөлігін 796 адам сал­дырған. Мұнда келген адамды әуелі дәрігер қарап, оператор оның деректерін мо­дульдік базаға енгізеді. Дә­рігер рұқ­са­ты­нан кейін вакцинаторлар екпе салады. Бас­тапқыда күніне 200 адамға дейін келген күндері болыпты. Қазір сәл саябырсыған.

– Осы күні 60-70 адам екпе сал­дыруға келеді. Бұрындары вак­цина таңғы сағат 8.00-ден кеш­кі 18.00-ге дейін салына­тын, қазір оның уақытын ұзарттық. Бүгінге дейін емханадан қызмет алатындардың басым бөлігі екпе салдырды. Жыл ая­ғына дейін олардың қатары 80 па­йызға жетеді деген ойдамыз, – дейді «Сенім» ЖШС емханасы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Арғынбаева.

Емханаға екпе салдыруға кел­ген тұрғынның бірімен тіл­дес­тік. Қала тұрғыны Ақыл Шегебаев «Спутник V» вак­ци­насының бірінші компо­нен­тін 18 мамырда алыпты. Жер жүзіндегі жаңалықты қалт жібермей қадағалап оты­ра­тын ол вакцина алған тұр­ғын­­дары көбейген елдерде дерт­­тің төмендей бастағанын аңғар­ға­нын айтады. Осыдан кейін өзі де екпе алуға бел бай­ла­ған.

Мамандар Ashyq қосым­ша­­сы іске қосылғалы бері екпе­нің керектігін түсінгендер қата­ры көбейгенін айтып отыр. Жал­­­пы вакцина салдырғандар қа­­т­а­ры 70-80 пайыздан асқанда дерт­­тің демі қайтады.