2021 жылғы 13 маусымында сағат 15:19-да Еңбекші ауданы, Момынов көшесі бойында орналасқан «Жан Ойл» авто жанар-май бекетінің жанындағы газ құю бекетінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы otyrar.kz сайты мәлімет таратты.
Бірінші жеткен өрт сөндіру бөлімдері көлемі 4 тонналық газ цистернасында газ жанып жатқандығын анықтады. Өрт сағат 16:08-де оқшауланып, сағат 16:10-да толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнында газ құю бекетінде оператор жұмысын атқарып жүрген 1992 жылы туған ер азамат зардап шегіп, 18% беті және екі қолының білегін 1-ші дәрежелі күйік шалған. Зардап шеккен жұмысшыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды.
Жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 21 адам, 7 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.