Атыс Американың Техас штатындағы Остин қаласында болған. Бұл туралы қалалық полиция бөлімі Twitter-де хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, атыс салдарынан 12 адам зардап шеккен. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр.
Полиция атысты кім ұйымдастырғаны туралы ақпарат таратпады. Fox News әлеуметтік желілердегі хабарламаларға сүйене отырып, оқиға қала орталығындағы мейрамханада болғанын жариялады.
Естеріңізде болса, сәуір айында Остинде көшедегі атыстан үш адам қаза тапқан еді. Полицияның хабарлауынша, белгісіз біреу қала шетіндегі екі көшенің қиылысында оқ атқан. Полиция бұл оқиғаның тұрмыстық сипатта болғанын анықтаған.