• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Маусым, 2021

Алжирдегі сайлауға елдің 30,2%-ы ғана келді

323 рет
көрсетілді

Алжирде өткен парламенттік сайлауда елдегі тіркелген 24 миллионнан астам сайлаушының 30,2 пайызы ғана дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Алжирдің ресми теледидары тәуелсіз ұлттық сайлау органына (ANIE) сілтеме жасап хабарлаған. Алжир парламентінің төменгі палатасы 407 орынға ие. Парламенттің төменгі палатасында 22 мыңнан астам кандидат мандат алуға үміткер. 

Дауыс беруді 13 мың сайлау учаскесінде 18:00-ге дейін өткізу жоспарланған болатын. Бұл учаскелерде барлығы 61 543 сайлау жәшігі орнатылды. Алайда сайлаушылардың аз келуіне байланысты дауыс беру процесі екі сағатқа ұзартылды.

ANIE басшысы Мұхаммед Шерфидің айтуынша, дауыс берудің ресми нәтижелерін жариялау заңмен рұқсат етілген 96 сағатқа созылуы мүмкін, өйткені қазіргі сайлаушыларды санау процесі бұрынғы сайлауларға қарағанда «өзгешелеу». 

2019 жылғы жаппай наразылықтар аясында президент Абдельазиз Бутефлика қызметтен кетуге мәжбүр болды, содан кейін Африка елінде бірқатар қайта құрулар жүргізілді. Атап айтқанда, президент сайлауы өткізіліп, жаңа Конституция қабылданған болатын.

Қазіргі билік елдегі өтпелі процестің әлі де жалғасып жатқандығы туралы жиі мәлімдемелер жасайды, бірақ оппозиция реформаларды «косметикалық» деп сынап тұрады.