• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2021

Павлодарда ер адам бірге тұратын әйелді соққыға жықты

302 рет
көрсетілді

Павлодар қаласында 31 жастағы ер адам бірге тұрған әйелді соққыға жықты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 13 маусым күні полицияға Назарбаев даңғылы, 204 мекенжайы бойынша пәтерде күйеуі әйелін ұрып тастағаны туралы қоңырау түскен.

«Учаскелік инспектор пәтерде бірге тұрған ер мен әйелдің арасында жанжал шығып, ер адам 32 жастағы әйел адамға дене жарақаттарын салған. Әйел өзімен бірге тұрған ер адамға қатысты шара қолдану туралы өтініш жазды», деді департаментте.

Зардап шегушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Әйел адам кәмелетке толмаған баласын сараптамадан өткізуден бас тартқан. 31 жастағы ер адамға қатысты ҚРӘҚБК 73-1 бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Сондай-ақ бірге тұрған әйелге 30 күндік қорғау бұйрығы шығарылды.

«Қорғау бұйрығы бойынша зардап шегушіге телефон шалуға, келуге, ізінен аңдуға, қауіп төндіруге тыйым салынады», деді департаментте.