• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Маусым, 2021

6 өңірде қоқыс өртейтін зауыт салынады

583 рет
көрсетілді

Еліміздің 6 өңірінде қоқыс өртейтін зуаты салынады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдындағы есептік кездесінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Түзілетін қалдықтардың көлемін қысқарту үшін «Waste to Energy» қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату тетігін енгізу жөніндегі заң қабылданды. Қоқыс жағатын зауыттар салу үшін алты қала белгіленді. Олар: Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Өскемен. Әкімдіктер зауыт құрылысына қажет жер телімдерін бөлді. Энергия беруші ұйымнан электр желісіне қосудың таяу нүктелерін бекітті. Энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру үшін аукционды өткізуге құжаттарды қабылдау басталды. Екінші жартыжылдықта қорытынды шығарамыз», деді ведомство басшысы.