Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.