• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Видео 14 Маусым, 2021

Алматыда адам қағып өлтірген полицей кінәсін мойындады

541 рет
көрсетілді

Алматы ПД баспасөз қызметі абайсызда әйел адамды қағып өлтірген полицейден жауап алу сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты. 

Еске салайық, қайғылы оқиға 14 маусым күні таңертең Алатау ауданында болған.

«Сағат 6:45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда, алдымдағы автокөлік солға қарай бұрылмақ болып, мен ол автокөліктен қашып, жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жуу жаққа бұрылдым. Сол кезде алдымда тұрған әйел адамды байқаусызда қағып кеттім», деді ол. 

Полицей кінәсін толық мойындады, ол марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтты. 

Бұған дейін бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелгені хабарланған еді. Іс Алматы ПД анықтау басқармасының өндірісінде. Жүргізушімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.