«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, уақытша жабылған көшенің бір бөлігінде жылу желілері қалпына келтіріледі.
«16 маусым таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейін Бұқар Жырау көшесі Римский-Қорсақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады», деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.
Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.