• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2021

Алматыдағы Рысқұлов даңғылы жабылады

361 рет
көрсетілді

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойымен шығыс бағыттағы қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық Мобильділік басқармасы хабарлағандай, Рысқұлов даңғылы бойындағы (Жангелдин көшесінен Айша-Бибі көшесіне дейін, Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағы) жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарын жалғастыруға байланысты 14 маусым кешкі сағат 20:00-ден 15 маусым таңғы сағат 6:00-ге дейін қозғалыс бөлігі ішінара жабылады.

«Қала тұрғындары мен қонақтары өздерінің бағыттарын алдын ала жоспарлаулары тиіс. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз», делінген хабарламада.