Мұнайлы өңірде вакцина салдырғандар саны 65 582 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өткен екі күнде – 12-13 маусымда 928 тұрғын «Спутник V», «Qazvac» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін салдырыпты.
«Биылғы 1 ақпан-13 маусым аралығында өңірдің 65 582 тұрғыны коронавирусқа қарсы вакциналардың I компонентін ектірді. Вакциналардың II компонентін 23 369 адам алды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.