• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Маусым, 2021

Ұлыбритания карантиндік шектеулерді алып тастауды кейінге қалдырды

219 рет
көрсетілді

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон өткен жылдың наурыз айында Сovid-19 пандемиясына байланысты енгізілген барлық шектеулерді жеңілдету шараларын бір айға шегерді. Бұл туралы ол баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Барлық шектеулер 21 маусымда алынады деп жоспарланған болатын. Алайда үкімет Ұлыбританияда коронавирустың үндістандық штаммының таралуына байланысты «тағы біршама уақыт күткен дұрыс» деп санайды. Енді шектеулер 19 шілдеде жеңілдетіледі деп күтілуде.

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, 19 шілдеге дейін елдің барлық ересек тұрғындары вакцинаның алғашқы дозасын алады деп жоспарланған.