• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Маусым, 2021

Қостанайда көлік қағып кеткен 44 жастағы әйел қайтыс болды

230 рет
көрсетілді

Қостанайда велосипед мінген әйелді қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін таңертең Тәуелсіздік және Бородин көшелерінің қиылысында велосипедші мен «Ваз 2115» автокөлігінің соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болған.

«Жол апаты салдарынан 44 жастағы велосипедші әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Алайда ол қайтыс болды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі таңда күдікті ұсталды», деп түсіндірді полиция департаментінен.

Жол апаты фактісі бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабын қарастыратын соталды тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды, әрі қарайғы тергеу әрекеттері жүріп жатыр.