• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Маусым, 2021

Донор болу – үлкен дәреже

764 рет
көрсетілді

Жыл сайын әлем бойынша 14 маусым күні Дүниежүзілік донор күні өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пациенттерге қауіпсіз қан мен оның компоненттерін құюдың маңызына қатты мән беріп, ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінде азаматтардың өтеусіз ерікті қан донорлығына келуін насихаттап, донор болуды биік адамгершілік тұрғысынан үлгі етіп таратуды ұсынады.

ДДҰ бұл күні дүние жүзін­дегі үкі­меттер мен ұлттық денсау­лық сақ­тау ор­гандарын қан орта­лықтарын тиісті ресурс­тармен қам­тамасыз етуге және ерік­ті, өтеу­сіз қан донорлығын кеңей­­туге арнал­ған жүйе мен ин­фра­құры­лым­­ды құру үшін негіз қалып­тастыруға шақы­­рады.

Қауіпсіз қан және оның ком­по­ненттері медициналық кө­мек пен қо­ғам­дық денсаулық сақтаудың маңыз­ды құрамдас бөлігі екені белгілі. Мұн­дай жұмыс миллиондаған адамның өмі­рін құтқарумен қатар көптеген па­циенттің өмір сапасын арттыруға мүм­кіндік береді. Сон­дықтан мұқ­таж болған әр адамның қауіпсіз қан­ға қол­же­тімділігін қам­тамасыз ету үшін бар­лық мемлекетте қан­ды тұрақты және ерік­ті түрде тап­сыру­ға дайын донорлар болуы керек.

Сovid-19 пандемиясы қан қыз­метінің жұмысына, қозғалыстың шектелуіне әсер еткеніне және өзге де қиыншылақтарға қарамастан, Қазақ­стандағы және басқа да мемлекетті қан донорлары мұқтаж пациенттер үшін қан тапсыруға келуді тоқтатқан емес. Биылғы Дүниежүзілік донор күнінің ұраны – «Қан тапсырыңыз, жер бетіндегі өмір тіршілігі жалғассын!». Бұл планетада пандемия патшалық құрып тұрған уақытта бұрынғыдан да өзекті, бұрынғыдан да маңызды іс екені анық. Сондықтан донор­лардың жер бетіндегі адам өмірін құт­қаруға және өмір сапасын арт­тыруға пейілі індетпен күресте жеңіс­ке жетудің бір жолы десек, артық емес.

ДДҰ биылғы науқанда қауіпсіз қан қорын қамтамасыз етуде жастардың рөліне ерекше назар аударып отыр. Көп­­теген елдегі жас­тар ерікті қан донор­­лығы арқылы қауіпсіз қан қорын қам­­тамасыз етуге бағытталған іс-шара­лар мен бастамаларға белсенді түр­де қаты­­сады. Біршама елдегі халықтың ай­рық­­ша бөлігін идеалист, ынталы және шығар­машылық қуатқа ие жас­тар құрайды.

Бір айта кететіні, жыл сайын елімізде 200 мыңнан астам адам қан тапсырады, оның ішінде 18 мыңға жуық донор – үш және одан да көп рет қан тапсырушы. Өтеусіз донорлар, еріктілер, елордалық ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өтеусіз донорлықтың дамуына ерекше үлес қосуда.