• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Маусым, 2021

Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың денесі табылды

584 рет
көрсетілді

Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға Келес ауданы Абай ауылында болған. Бүлдіршін 13-ші маусым күні кешқұрым уақытта белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

Куәгерлер 2015 жылы туған баланы соңғы рет канал маңында ойнап жүргенде көрген екен. 3 күнге созылған іздеу нәтижесінде құтқарушылар баланың денесін Ошақты каналынан тауып, мәйітті судан шығарды.

«Аудандық төтенше жағдай бөліміне хабарласып, арнайы судан құтқару жасағы шақыртылған. 15 маусым күні таңғы сағат 9:45-те баланың денесі табылып, судан шығарылды. Бүгінгі таңда болып жатқан жағдайлардың негізгі себептері - рұқсат етілмеген жерлерде шомылу және балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуы», дейді Түркістан облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев.