ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 16 маусым күні шамамен таңғы сағат 05.30-да болды.
Ақтөбе қаласынан шақырылған 5517-әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Қ. қарауылда қызмет атқару кезінде бекітілген қарудан иегіне оқ атып, өзін-өзі жаралады. Жедел жәрдем бригадасымен әскери қызметші ауруханаға жеткізілді.
Медицина қызметкерлері шұғыл қолданған шараларға қарамастан, қатардағы жауынгерді аман алып қалу мүмкін болмады.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы марқұмның тума-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 2000 жылғы әскери қызметші иек тұсынан оқ жарақатын алып, облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне түскен.