• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Маусым, 2021

Алматы облысындағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі

362 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет - жекелеген негізде көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе сұрау салусыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес жеңілдіктер беретін кейбір мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелдік тәжірибеге сәйкес, әлеуметтік мемлекеттің сәтті жұмыс істеуі жоғары дамыған экономика негізінде ғана мүмкін болады, ол тиімді, әлеуметтік бағдарланған, қоғамның барлық топтарының мүдделеріне қызмет етуі керек.

Мемлекеттік қызметтер тұтынушылардың мүдделеріне қызмет етеді және қазіргі заманғы экономикалық жүйенің бәсекеге қабілеттілігі мен табысты жұмыс істеуін арттыру бағытындағы нақты қадам болып табылады.

Қазірдің өзінде электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету деңгейіне жетті, электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесі пысықталып, электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету тетігі жаңғыртылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі оған бірқатар көрсетілетін қызметтерді енгізудің негізділігі, сондай-ақ осы көрсетілетін қызметтерді жеке секторға беру мүмкіндігі тұрғысынан жетілдірілді.

Мемлекет көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушыны 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген елде 698 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде электрондық көрсетілетін қызметтердің үлесі 93% - ға тең, яғни 649 қызмет. Алматы облысында қызмет көрсетушілермен 386 Мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық 340 (86,7%).

Қызметтерге сұраныстың жыл сайын артуымен оларды көрсету сапасына тиісті бақылауды қамтамасыз етудің өзектілігі сақталуда. Қазақстанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстардың нақты нәтижелері көрініп тұр, мұны Қазақстандықтардың  2020 жылы жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 76%-ды құраған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен қанағаттану деңгейін дәлелдейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаментімен Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау, тексеру және профилактикалық іс-шаралар жүргізу.

Осы бағыттағыжұмыстыталдаужерқатынастары (54,5%), әлеуметтікмәселелер (13,6%), сәулет және қалақұрылысы (12,1%) саласында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдар жиі түсетіндігін көрсетті.

Департамент жұмысының нәтижесінде өткен жылдар мен салыстырғанда азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша оң динамика байқалады (2017ж. – 79,5%, 2018ж. – 93,7%, 2019ж. – 95%, 2020ж. – 100%)

Сондай-ақ, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша өткен жылдық кезеңімен салыстырғанда

анықталған қателіктердің статистикасы 2019 жылмен салыстырғанда 15 есеге, 2018 жылмен салыстырғанда 36 есеге төмендеді, ол мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының талаптарын сақтаумен байланысты заңдылықты бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған жүйелі жұмыстарды жүргізудің нәтижелілігімен түсіндіріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру бойынша алаңдардың бірі Nur Otan партиясы аудандық филиалының партиялық кураторлық комиссиясының отырыстары, сондай-ақ Қоғамдық кеңестер болып табылады. 2020 жылдың 12 айында Nur Otan партиясыныңа удандық/қалалық филиалының партиялық кураторлық комиссиясының 70 отырысында Мемлекеттік қызметтер мәселесі қаралып, 107 ұсыным шығарылды, барлығы (100%) орындалды. 2020 жылы қоғамдық кеңестердің 72 отырысында ЖАО мемлекеттік қызмет мәселелері қаралды және 145 ұсыным шығарылды (145 ұсыным орындалды немесе 100%),

Тұңғыш Президенттің Жолдауын іске асыру аясында ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 90%-ын электрондық форматқа көшіру жоспарлануда. Осыған байланысты, Департаментпен халық арасында электрондық қызметтерді алуды насихаттау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 2111 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды, оның ішінде 1 860-ы аудан орталықтарында және 251-і ауылдарда орналасқан. Сондай-ақ, қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау үшін облыс бойынша 20 сервистік әкімдік ашылды.