• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экология 16 Маусым, 2021

Екі облыста төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

397 рет
көрсетілді

Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай енгізілуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары осындай бастама айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттардың айтуынша, бұған өңірлерде мал азығына қатысты жағдайдың өте қиын екені себеп. Онда аштан тек ресми мәліметтер бойынша, екі мыңға жуық бас қырылып қалған. Сонымен қатар, алыпсатарлардың кесірінен басқа облыстардан әкелінетін жем-шөпті алуға көп фермердің қалтасы көтерейді. Мысалы, бір орам шөптің бағасы 17 мың теңгеге дейін жетеді. Бұл елдегі орташа бағадан төрт есе қымбат.

Депутаттар үкіметті шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, олар көптеген қарапайым проблема, оның ішінде жем-шөппен қамтамасыз ету республикада әлі күнге дейін шешілмегенін айтты.

Еске салайық, Желіде Маңғыстау облысында аштан азып кеткен жылқылардың суреттері талқыланған болатын. Суреттерді Facebook қолданушысы Бердімұрат Төрекенов жариялады. Оның айтуынша, Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылда жылқылар өлім аузында тұр. Төрекеновтың сөзінше, биыл далада жаңбыр жоқ, жайылымдар кеуіп кеткен, жем жетіспегеннен жылқыларға берер азық жоқ.