• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Маусым, 2021

Оңтүстік Африка карантин талаптарын қатаңдатты

346 рет
көрсетілді

Оңтүстік Африка республикасы карантин талаптарын қатаңдатуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет билігі КВИ пандемиясының үшінші толқынына қарсы тұру мақсатында осындай амал қолдануда. Соңғы екі аптада инфекциялардың екі есеге өсуіне байланысты, ОАР комендаттық сағатты 22.00-ден 04.00-ге дейін ұзартып, алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салуда. Мейрамханалар мен дәмханалар комендаттық сағатқа дейін 1 сағат бұрын жабылуы тиіс.

Ғимараттардың ішінде 50 адамнан, сыртта 100 адамнан асатын адамдардың топтарының жиналуына тыйым салынады. Елде вакцинация кампаниясы жүргізілгенімен, екпе алғандардың саны төмен деңгейде.