• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Маусым, 2021

EURO-2020: Бүгін кімдер ойнайды?

525 рет
көрсетілді

Футболдан Еуропа чемпионатының жетінші жарыс күнінде жоспарлы үш матч өтеді. Украина Солтүстік Македониямен кездессе, Дания мен Бельгия, Нидерланды мен Австрия күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екінші тур аясында С тобында өнер көрсететін Украина мен Солтүстік Македония кездеседі. Матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. В тобының өкілдері Дания мен Бельгия кездесуі 22:00-де үш ұпайға таласады. Кездесу Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған. Сондай-ақ С тобының өзге екі жұбы Нидерланды мен Австрия ойынын түнгі 01:00-де Qazsport телеарнасынан тамашалауға мүмкіндік бар.

Алты команданың үшеуінде үш ұпайдан бар болса, қалған үшеуі турнирдегі алғашқы жеңістеріне қол жеткізуге ниетті. Бірінші турда Украина Нидерланды құрамасынан 2:3 есебімен ұтылса, Солтүстік Македония Австриядан 1:3 есебімен жеңілген болатын. Дания Финляндиядан айласын асыра алмады (0:1). Өз кезегінде Бельгия турнирдегі анық фаворит екенін әйгілеп, Ресейді 3:0 есебімен жеңді.

Еске салайық құрамалар арасынан Италия алғаш болып плей-офф кезеңіне жолдама алды.