Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Латвияның Бас прокуроры Юрис Стуканспен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық-латвиялық қарым-қатынастар, құқық қорғау органдары арасындағы байланыстарды қоса алғанда, дәстүрлі негізде өзара сыйластық пен сындарлы ынтымақтастыққа негізделеді.
Екі елдің заң саласындағы өзара әрекеттестік мәселелерін талқылауға қоса Елші сұхбаттасушысын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда саяси және әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар адам құқығын қорғау және заңдылықты нығайту салаларында жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ілгерілмелі және динамикалық дамуын оң бағалай отырып, оларды алдағы уақытта да нығайтуға сенім білдірді.