• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Маусым, 2021

Тұрсынбай Құлахмет кіммен күш сынасады?

248 рет
көрсетілді

10 шілдеде Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді. Осы жарыста еліміздің және шет мемлекеттерден келген бірқатар танымал былғары қолғап шебері күш сынасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқар Салықбаев жетекшілік ететін «MTK Global» менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін жарыстың басты жекпе-жегінде қазақ боксшысы Тұрсынбай Құлахмет пен Украинаның өкілі Станислав Скороход қолғап түйістіреді. 27 жастағы Сыр бойы саңлағы әуесқойлар арасында елеулі табыстарға қол жеткізгенін жанкүйерлер жақсы біледі. Ол – әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы және Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы. Былтырғы жылдың тамыз айынан бері Тұрсынбай кәсіпқой рингте бақ сынап жүр. Бір жылға жуық уақыт аралығында қандасымыз үш кездесу өткізіп, барлығында айқын жеңіске қол жеткізді.

32 жастағы Станислав Скороход та осал боксшы емес. Украина өкілінің осы спорт түрін серік еткеніне тоғыз жылдан асты. Сол аралықта ол 22 рет шаршы алаңға көтерілген ол 20 бәсекеде басымдық танытып, 17 қарсыласын есінен тандырды.