• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Маусым, 2021

Қырғызстан Қазақстанның құс өнімдеріне қатысты шектеуді алып тастады

330 рет
көрсетілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Қырғыз Республикасына еліміздің бірқатар облыстарынан құс және құс шаруашылығы өнімдерін жеткізуге байланысты бұрын енгізілген уақытша шектеулерді алып тастау бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғыз Республикасының Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазақстандағы жоғары патогенді құс тұмауын оқшаулау бойынша, сондай-ақ жоғары патогенді құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралары туралы берген ақпараттарының негізінде 2021 жылғы 14 маусымдағы № 8 Қаулысымен бұрын енгізілген шектеулер жойылды.

«Қаулы мәтініне сәйкес Қырғызстан аумағына еліміздің Ақмола, Алматы (Қарасай ауданы), Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс және құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге қайтадан рұқсат етілді», делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.