Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 18 маусымда дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
18-19 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. 18-19 маусымда желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
19 маусымда ауа температурасы 15-17 градусқа дейін күрт төмендеуі мүмкін.