Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұрпақты болу жасындағы әйелдерді алкогольді ішуден бас тартуға шақырды. Бұл туралы 2022-2030 жылдарға арналған алкогольмен күресудің ғаламдық іс-қимыл жоспары жобасында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құжатқа сәйкес елдер алкогольдік ішімдіктердің зияны туралы қоғамның хабардарлығын арттыруы керек, әсіресе балаларға, жүкті әйелдер мен бала көтеру жасындағы әйелдерге ерекше назар аудару қажет.
Бұл мәлімдеме желі қолданушылары арасында сынға ұшырап жатыр.
«ДДҰ ұрпақты болу жасындағы әйелдерге ішімдік ішуге тыйым салуды ұсынады. Сонда біз әйелдерді тек бала көтеру қабілетіне қарай бағалаймыз ба?», деп жазды Twitter қолданушыларының бірі.