Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бас қоймасында 2 триллион теңге мөлшеріндегі ұлттық валюта купюраларының жаңа шығарылымы жоғалып кеткені» туралы хабарлама тарап жатыр. Бұл - фейк, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл пост @qazinform24 сатиралық аккаунтында жарияланды.
Онда ойдан шығарылған жаңалықтар мен шынайы емес хабарламалар жарияланады.
Бұл туралы парақшаның профилінде «Сатиралық контент. Фейк-ньюс» екендігі жазылған:
Желі қолданушылары сатиралық парақшадағы жарияланымдарды бұған дейін де шынайы ақпарат ретінде ұсынған.
Ресурс бұған дейін де осыған ұқсас жағдайлар туралы жазған болатын.
Stopfake ақпарат көздеріне мұқият болуға шақырады. Жаңалықтың шынайылығын Stopfake порталдың көмегімен тексеруге болады.
Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.