Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша, Алматыдағы перинаталдық орталық пен балалар кардиохирургиясының директорына пара алғаны үшін 27,3 миллион теңге көлемінде ірі айыппұл салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Перинаталдық орталық басшысы Ғани Бодықов 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың наурызына дейін жеке медициналық ұйымдарының акушер-гинекологы Быковский арқылы бес босанған әйелден және олардың туыстарынан пара алды деген күдікке ілінді. Директор ақшалай сыйақыны босанған әйелдерді перинаталды орталыққа қабылдап, босану кезінде оларға қолайлы жағдай жасау үшін алған. Параның жалпы сомасы 780 мың теңгені құрайды.
Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Ғани Бодықовқа 27,3 млн теңге көлемінде айыппұл салып, делдал Быковскийды үш жылға бас бостандығынан айырды.
Ботагөз АМАЛБЕК