Түріктің Atmaca аталатын кемеге қарсы зымыраны қолданысқа берілер алдындағы соңғы сынақ кезінде кеме пішініндегі жер үстінде орналасқан нысанаға дәл түсті, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің Twitter-дегі аккаунтында хабарлады.
Мемлекет басшысының айтуынша, шешуші сынақ ұшырылымы жұма күні жүзеге асырылған.
«Біздің Отанымыздың болат қылышы - Atmaca кемеге қарсы зымыраны әскери арсеналға қосылар алдындағы соңғы сынақ кезінде кеме тәрізді нысанаға дәл түсті. Қарулы күштерімізге сәттілік тілеймін», деп жазды түрік басшысы.
Сондай-ақ Түркия президенті зымыран сыналған сәттен видео жариялады.