Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы «Доссор-Құлсары» тас жолында болған, деп жазады Egemen.kz.
«Toyota Camry» көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Жол апатының салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты. Екі адам Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір ҚР Қылмыстық Кодекстің 345-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.