Ұшақ Кемерово облысында құлады, деп хабарлайды, Egemen.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Облыстық биліктің хабарлауынша, ұшқыштарды қосқанда төрт адам қаза тапты.
Танай аэродромынан жеңіл қозғалтқышы бар L-410 типті ұшақ көкке көтеріліп, кейінірек сол жақ бүйірімен құлаған.
ДОСААФ-тың аймақтық кеңсесі ұшақтың пайдалануға жарамды екенін және бір тәулік ішінде төртінші рейсін жасағанын хабарлады. Олар сондай-ақ тоғыз адам өлді деп мәлімдеген, бірақ кейінірек билік оны жоққа шығарды.
Осы оқиғадан кейін Танай аэродромындағы барлық рейстер тоқтатылды.