• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Маусым, 2021

Алматыда субұрқақта балаларды тоқ соқты: Әкімдік не дейді?

204 рет
көрсетілді

Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратының жанындағы субұрқақта кеше үш адамды тоқ соқты. Осыған байланысты әкімдік мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оқиға болған күні субұрқақ қалыпты режимде жұмыс істеген. Күннің бірінші жартысында кезекші техникалық маман бірнеше рет субұрқақ тостағын тазалап, жұмыс істеп тұрған субұрқақтың ішіндегі қондырмасын (ағындарды) реттеу бойынша жұмыс істеген, бұл аталған оқиға болғанға дейін субұрқақ жабдығының тұтастығы мен қауіпсіздігін растайды», деп хабарлады Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасынан.

Бүгінде субұрқаққа тексеру жұмыстары жүргізілді.

«20 маусым күні Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы, ШЖҚ «Алматықалажарық» МКК және «Эко Алматы» ЖШС өкілдерінің қатысуымен субұрқаққа барып, бірлескен тексеру және зерттеу жүргізілді. Оның барысында субұрқақ жабдығының жұмысындағы ақауды растайтын техникалық бұзушылықтар анықталмады», делінген хабарламада.