• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Маусым, 2021

Тағы бір адам оттан ажал құшты

368 рет
көрсетілді

Петропавл қаласының «Борки» кенті бөлігінде өзінің жекеменшік үйінде отты сақтықпен қолданбағанның салдарынан өрт шығып, 57 жастағы ер адам ажал құшты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның үйі осындағы Зеленая көшесінде орналасқан. Көршілері хабарласып, өрт сөндірушілерді шақырғанша үй иесі ұйықтайтын 5 шаршы метрлік бөлме өрт құшағында қалған. Жалғыз тұған үй иесінің жататын кереуеті, бөлмедегі заттардың бәрі отқа оранған. Алдын ала болжамға қарағанда өрттің туу себебі ер адамның мас болып, темекісін сөндірмей ұйықтап қалғанынаұқсайды. Астындағы матрацының түтіндеуінен ол есінен айрылып, түтінге тұншығып қалған секілді. Өрт сөндірушілер жеткенде оның өлі денесін ғана көрген.

Қазір келтірілген шығынмен өрттің негізгі себебі анықталуда. Жыл басынан бері облыста өрттен 32 адам қаза тапты. Соның ішінде 2 бала. Өртте қаза болған ересектердің негізгі бөлігі арақ ішіп, темекісін сөндірмей ұйықтап қалған мастар болып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы