Шарбақты ауданында зейнеткер мотоциклмен аударылып қалды. Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқыс жайт 18 маусым күні сағат 02.00-де Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының маңында орын алған.
«Дала аймағында 66 жастағы «Яки» мотоциклінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай және рульді басқара алмай, аударылып кеткен», деді Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші жарақатымен ауруханаға жеткізілді.