• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Үкімет 21 Маусым, 2021

2024 жылы ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз етеміз – Асқар Мамин

230 рет
көрсетілді

Биыл 2 ет комбинаты, 5 құс фабрикасы салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру жұмысы белсенді жүріп жатыр. 29 негізгі азық-түлік тауарының 11-і - 100 пайыздан аса қамтамасыз етілген, ал 12 тауар бойынша – 80 пайыздан артық. 6 тауар бойынша импортқа тәуелділік бар. Оны азайту үшін азық-түлік тауарлары өндірісін ұлғайту бойынша кешенді жоспар іске асырылып жатыр», деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының дерегінше, биыл 35 сүт-тауарлы ферманы, 2 200 гектар бау-бақша, 2 ет комбинатын, 5 құс фабрикасын, 4 балық өндірісі объектісін іске қосу жоспарланған.

«Сонымен қатар 2022-2023 жылдары тағы 70 сүт-тауарлы фермасын, 4 400 гектар бау-бақша, 4 ет комбинатын, 6 құс фабрикасын, 4 балық өндірісі объектісін және бір қант зауытын іске қосу жоспарланған. Осының барлығы 2024 жылға қарай негізгі азық-түлік тауарлары бойынша ішкі нарықты толық өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Премьер-Министр.

Оның атап өтуінше, биыл мамырда азық-түлік тауарларының бағасы әлемде жылдық мәнде шамамен 40 пайызға өсті.

«Ал Қазақстанда қабылданған шаралардың арқасында азық-түлік инфляциясы 9,3 пайызды құрады. Осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасады», деді ол.