• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Маусым, 2021

Алматыда субұрқақтағы оқыс оқиғаға кінәлі адам бес жылға сотталуы мүмкін

187 рет
көрсетілді

Қалалық полиция Алматы субұрқағында болған оқыс оқиғаға қатысты істі қандай бап бойынша тергеп жатқандарын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аталған фактіні Бостандық аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы, 2-бөлігі бойынша іс қозғалды», деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

306-баптың 2-бөлгі бойынша сотталғандарға 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, яғни 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегіледі немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

Айта кетейік, 20 маусымда әлеуметтік желіде Алматыдағы көшедегі субұрқақта екі қыз бен бір әйелді электр тоғы соғып, өлтіре жаздағаны белгілі болды. Оқыс оқиға Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратының жанында болған.