• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 21 Маусым, 2021

Теннисшілеріміз ATP рейтингінде бір сатыға төмендеді

106 рет
көрсетілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Prosports.kz порталының дерегіне сүйенсек, бірінші орында серб Новак Джокович тұр. Сондай-ақ, үздік үштікті Даниил Медведев (Ресей) пен Рафаэль Надаль (Испания) келеді.

Қазақстандықтар сапында үздік нәтиже Александр Бубликте, ол 39-орында тұр. Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко бір сатыға төмендеді, қазір, тиісінше, 106 және 187-сатыда.