• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 21 Маусым, 2021

Алдағы күндері 5 градусқа дейін күн суытады

279 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 22-24 маусым күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде елдің батысында күн ыстық болады.

«Қазақстанның батыс аудандары антициклон жотасының ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Ал республиканың қалған аумағына солтүстік циклон жырасы әсер етеді, онымен найзағай, бұршақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр болжанады. Солтүстікте, шығыста және орталықта температура түнде 5-13, күндіз 12-23 жылы, оңтүстікте түнде 12-22, күндіз 24-35 жылы, батыста түнде 15-25, күндіз 34-42 ыстық болады», делінген синоптиктер мәліметінде.