• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Маусым, 2021

Президент тапсырмасы: Зорлық-зомбылықпен күрес қалай жүргізілуде

236 рет
көрсетілді

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында «Айтылды. Орындалды» айдарымен әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау шаралары қалай іске асып жатқаны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 25 қаңтарында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында әйелдер мен балалардық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімшелер штатын қалпына келтіруді тапсырған болатын.

Берік Уәли ұсынған мәлімет сүйенсек, сол тапсырма аясында жергілікті полиция қызметі бөлімшелердің санын ішкі қайта бөлу есебінен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша бөлінен штат саны 119-дан 248-ге, кәмелетке толмағандарды қорғау бойынша 702-ден 1150-ге арттырылған.