• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Футбол 22 Маусым, 2021

EURO-2020: Тағы екі құрама плей-офф кезеңіне шықты

254 рет
көрсетілді

Бүгін С тобындағы командалар топтық кезеңдегі бәсекелерін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үшінші турда Украина Аустриямен келесі кезеңнің жолдамасын сарапқа салса, Нидерланд Солтүстік Македониядан емтихан қабылдады.

«Йохан Кройфф Аренада» (Амстердам) өткен кездесуде Нидерланд құрамасы Еуропа чемпионатына тұңғыш рет қатысып жатқан Солтүстік Македония қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Бірінші таймда Мемфис Депай құрамасын есепте алға шығарса, екінші таймда Джорджиньо Вейналдум екі гол соғып, дубль авторы атанды. Вейналдумдың екі голына да Депай ассистенттік жасады. Қорытынды есеп – 3:0. Енді Нидерланд құрамасы плей-офф кезеңінде А тобында екінші орын алған Уэльс футболшыларымен кездеседі. Үш ойында бірде-бір ұпай ала алмаған Солтүстік Македония үшін осымен Еуропа чемпионаты аяқталды.

Ал қатар өткен екінші матчта Аустрия футболшылары Украинадан басым түсті – 1:0. Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды бірінші таймның 21-минутында Кристоф Баумгартнер салды. Нәтижелі пастың авторы – Давид Алаба. Осылайша Аустрия құрамасы өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатының 1/8 кезеңіне жолдама алды. Ал Андрей Шевченко шәкірттері таразы басын теңестіруге қанша ұмтылғанымен, Аустрия футболшылары қарсыластарына гол соғатын мүмкіндік берген жоқ. Өйткені тең нәтиже Украина құрамасын келесі кезеңге алып шығатын еді.

Енді Аустрия плей-офф бәсекесінде А тобында бірінші орын алған Италия құрамасымен бақ сынасады.