• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Маусым, 2021

Елорда тұрғыны 14 млн теңгенің дизель отынын заңсыз сатқан

314 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті елорда аумағында дизель отынын заңсыз сату дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша, департамент қызметкерлері жедел-іздеу шараларын өткізу барысында елорданың екі тұрғынының жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын дизель отынын заңсыз тасымалдау және саудалау фактісінің жолын кескен. Отын заңдылықты растайтын арнайы рұқсат беру құжатынсыз сатылған. Қылмысты ұйымдастырушылар шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Қаржы мониторингі жөніндегі агенттік азаматтарды жанар-жағармайды күмәнді сату орындарынан сатып алудан тартынуға үндейді. Заңсыз жанар-жағармай стансалары, соның ішінде заңсыз сатылған дизель отыны жарылу қаупі жоғары нысан.

Жанар-жағармай материалдарын заңсыз сату фактілерін анықтау жағдайында мына сенім телефоны +7 (7172) 70-84-78 немесе Агенттіктің әлеуметтік желідегі ресми аккаунттары арқылы хабарласуға болады. Facebook - https://www.facebook.com/afm.rk/ Instagram - https://www.instagram.com/afm_rk/