• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Маусым, 2021

Өскеменде көлік қаққан ер адам көз жұмды

452 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында көлік қаққан ер адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 20 маусым күні сағат 23.00 шамасында Өскеменнен Семейге шыға беріс жолда болған.

«ВАЗ-212014» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Нұрлы көш ауылының маңында 38 жастағы азаматты қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыратын жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.